Радиодағы сұхбат

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Ақтау гарнизоны әскери сотының судьясы Б.Омаров «WEST Fm 103.8» радиосында «Қылмыстық процесстерде медиацияның қолдану рәсімдері» атты тақырыпта сұхбат берді.

Судья Б.Омаров ҚР «Медиация туралы» Заңының 27-бабының 7-бөлігінде, дауды Медиация туралы Заңына сәйкес реттеу туралы келісім, дереу іс жүргізілуінде қылмыстық іс жатқан қылмыстық процесті жүргізетін органға жіберілетіні және ол ҚР ҚПК-де көзделген жағдайларда қылмыстық қудалауды болдырмайтын не оны жүзеге асырмауға мүмкіндік беретін мән жай болып табылатынын атап өтті.

Оған қоса ол өзінің сөзінде,  егер Қазақстан Республикасының заңдарында өзгеше белгіленбесе, жеке және (немесе) заңды тұлғалар қатысатын азаматтық, еңбек, отбасылық және өзге де құқықтық қатынастардан туындайтын, сондай-ақ онша ауыр емес және ауырлығы орташа қылмыстар туралы, қылмыстық теріс қылықтар туралы істер бойынша қылмыстық сот ісін жүргізу барысында қаралатын даулар (жанжалдар) және атқарушылық іс жүргізуді орындау кезінде туындайтын қатынастар медиацияның қолданылу саласы болып табылатынын айтып өтті.

Сұхбат соңында судья радио тыңдаушылардың сұрақтарына жауап берді.

 

Источник: 
ҚР Әскери сотының баспасөз қызметі