«Процессуалды құжаттарды, оның ішінде сот отырысының хаттамасын толтыру» тақырыбындағы семинар

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Ақтөбе гарнизоны әскери сотында «Процессуалды құжаттарды, оның ішінде сот отырысының хаттамасын толтыру» тақырыбына сот мамандарымен семинарлық сабақ өткізілді.

Өзінің баяндамасында судья А.Ахметов, сот отырысының хаттамасы процессуалды құжаттардың негізгілерінің бірі екенін атап өтті. Онда сот талқылауында атқарылған барлық процессуалды іс-әрекеттер белгіленеді.

Сонымен қатар, кез келген сот актісі заң жағынан ғана емес тілдік сауаттылық тұрғысынан да мінсіз болуы керек.

Қазақстан Республикасының Жоғарғы Сотының соңғы жылдары құрылған ақпараттық жүйесі, барлық деңгейдегі сот актілерін орналастырулары, соттардың шешімдері көпшілікке қол жетімді.

Сондай-ақ, хаттаманың дәлелдік маңызы бар, сондықтан оның құрамы, толтыру тәртібі және формасы заң талабына нақты сай болуы міндетті.Қазіргі таңда сот отырысының аудио- видео жүргізілуі арқылы қысқаша хаттамалар толтырылады. Іске қатысатын адамдар сот отырысына келмеген жағдайда, үн-бейне жазба жүргізілмейді.

Іс-шараның соныңда семинарға қатысушылардың барлық сұрақтарына жауап берілді. Сонымен қатар, құжаттарды құрастырғанда граматика мен стилистиканы сақтауға назар аудару қажеттігі айтылды.

Источник: 
ҚР Әскери сотының баспасөз қызметі