Мүгедектік белгіленгені үшін біржолғы өтемақы өндірілді

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Талапкер «К» жауапкерлер Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрілігі зейнетақымен қамсыздандыру орталығы, ОҚО қорғаныс істері жөніндегі департаменті «мемлекеттік органның шешіміне, мемлекеттік қызметшінің әрекетіне (әрекетсіздігіне) дау айту, әскери қызмет өткерген кезде ауырып мүгедектік белгіленгені үшін біржолғы өтемақы және моральдық зиянды өндіру туралы талап арызбен жүгінді.

Сот отырысында  анықталғандай, талапкер 2014-2016 жылдар аралығында10216 әскери бөлімінде әскери қызмет атқарғанын. Қазақстан Республикасы Қорғаныс Министрлігінің әскери клиникалық госпиталінің әскери-дәрігерлік комиссиясының 11 сәуір 2016 жылғы №276 қорытындысына сәйкес, 25750 әскери бөлім командирінің 10 маусым 2016 жылғы №45 бұйрығымен  «К» әскери қызметтен денсаулығына байланысты босатылғанын. 27 мамыр 2016 жылғы «жалпы сырқат» деп көрсетілген мүгедектік анықтамасы мен керекті құжаттарды қоса тіркеп ОҚО Мақтаарал ауданының қорғаныс істер жөніндегі бөліміне әскери қызмет өткеру кезінде жарақат алуына байланысты, біржолғы өтемақы алу үшін тапсырғанын, алайда Қазақстан Республикасы ҚМ зейнетақымен қамсыздандыру орталығы бастығының МУА «Б» 05 сәуір 2017 жылғы № 39/1342 хабарламасында «Ұсынылған анықтамада мүгедектік тобын бекіту себебі болып «жалпы сырқат» деп көрсетілген. Қолданыстағы заңнама нормаларына сәйкес, Сізге бір жолғы өтемақы төлеу мүмкіндігі жоқ» деп ешқандай қосымша құжаттар сұрамастан үзілді-кесілді өтемақы төлеуден заңсыз бас тартқан.

Сонымен қатар, талапкер «К» 2016 жылы өзінің «жалпы сырқат» деп көрсетілген мүгедектік анықтамасын қабылдау кезінде өтемақының төленбейтінін көрсеткенінде өзі бір күн ішінде мүгедектік тобының бекіту себебін «әскери қызмет өткеру кезінде пайда болған жарақат» деп өзгертіп алатынын, сондықтан  ОҚО қорғаныс істері жөніндегі департаментінің мемлекеттік қызметшінің әрекетсіздігіне осы талап арызбен арызданған.

Шымкент гарнизоны әскери сотының шешіміне сәйкес,  талапкердің талап арызы ішінара қанағаттандырылып, «К» тың пайдасына әскери қызмет өткерген кезде ауырып мүгедектік белгіленгені үшін біржолғы өтемақы өндірілді. Талап арыздың қалған бөлігі қаңағаттандырусыз қалдырылды.

Шешім заңды күшіне енбеген.

Источник: 
Әскери Соттың Баспасөз қызметі