«Мамандандырылған күзет қызметі өкілдерінің қатысуымен дөңгелек үстел өтті»

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық әскери сотында «Сот ғимаратында өткізу және объектілік режимді қамтамасыз ету. Кездейсоқ жағдайлар» тақырыбында доңгелек үстел өтті.

Іс-шараға судья Б.С.Дәрібаев, кеңсе меңгерушісі А.К.Шинжанова, Астана қаласының Мамандандырылған күзет қызметі Басқармасының қызметкерлері батальон командирі полиция майоры Б.М.Рахметов, взвод командирі аға лейтенант С.Д.Нуманов, сот приставы мен мамандар қатысты.

Астана қ. МКҚБ-ның қызметкерлері рұқсатнамалық  тәртіптеме сот ғимаратына  бейтаныс тұлғалардың  кіруін,  тыйым салынған  заттардың,  жарылу құралдарының  кіргізілуін сонымен қатар қызметтік құжаттардың шығарылуын т.б.  болдырмау  мақсатында түсіндірді. Сот ғимаратында өз  қызметін  атқару барысында Астана қ. МКҚБ-ның қызметкерлері облыстық, аудандық және оған теңестірліген сотының ғимаратына өткізу және объектілік режимді қамтамасыз ету тәртібі туралы Ережесін басшылыққа  алатыны және Қазақстан Республикасы Ішкі істер  органдары қызметкерінің  ар-намыс Кодексінің  талаптарын  сақтауға міндетті екендігін айтты. Кездейсоқ жағдай орын алғанда сот приставтарымен бірлесе жылдам әрекет ету қажеттілігі айтылды.

Кеңсе менгерушісі мен сот приставы сот ғимаратындағы тәртіпті, сотқа келушілердің, тараптардың және сот қызметкерлерінің қауіпсіздігін қамтамасыз ету барысыныда МКҚБ қызметшілерінің және сот приставтарының ролінің ерекше екендігіне тоқталып өтті. Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігі мен Премьер-Министрдің тапсырмасын орындай келе судьялар мен сот қызметкерлері кіреберісте орналасқан арнайы жәшіктерге интернет модульдармен, фото, бейнекамералармен жабдықталған ұялы телефон, тақташалар, смарт-сағат мобильды құралдарды әр дайым қалдырып жүретінін айтты.

Дөңгелек үстелдің  қорытындысы бойынша   қатысушылар  сот ғимаратындағы қауіпсіздікті қамтамасыз ету үшін рұқсатнамалық тәртіптеме Ережелерін қатаң  сақтау қажет екендігі туралы ортақ ой түйді.  

 

Қайнар: 
ҚР Әскери сотының баспасөз қызметі