Қызметтік тұрғын үйден шығару

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Семей гарнизоны әскери сотымен Аякөз аудандық пайдалану бөлімнің «А»-қа бірге тұрып жатқан барлық тұлғалармен бірге қызметтік пәтерден басқа тұрғын үй берілместен шығару туралы азаматтық ісі қаралды.

Өзінің талаптарын дәлел ретінде талапкер жағы, «А» ШҚО, Аякөз қаласы №3 «Мамырсу» әскери қалашықта заңсыз, тұрғын үйде тұрып жатқанын. Аталған қызметтік пәтерді жауапкер Аякөз гарнизонында әскери қызмет өткеріп жүрген кезінде алғанын көрсетті. Алайда 2016 жылғы наурызда әскери қызметтегі шекті жасы келуіне байланысты жұмыстан шығарылған. Яғни,  ҚР ҚК-мен байланыс жоғалғандықтан, пәтерді босатуы тиіс болды. Сол себепті соттан жауапкермен бірге тұрып жатқан барлық тұлғалармен бірге қызметтік тұрғын үйден басқа тұрғын мекен жай берместен шығаруды сұрады.

Сот шешімімен Аякөз аудандық пайдалану бөлімінің «А»-қа бірге тұрып жатқан барлық тұлғалармен бірге қызметтік пәтерден басқа тұрғын үй берілместен шығару туралы талап арызы толықтай қанағаттандырылды. Сонымен қатар, сот жауапкерден 1135 теңге мемлекеттік баж салығын өндіріп алды.

Сот шешімі заңды күшіне енген жоқ.

Қайнар: 
ҚР Әскери сотының баспасөз қызметі