Көшпелі сот отырысында қылмыстық іс қаралды

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Семей гарнизоны әскери сотымен көшпелі сот отырысында Павлодар қаласының 6679 әскери бөлімінің клубында  6679 әскери бөлімінің келісім шарт бойынша сержанты «А»-ға қатысты Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 448-бабы 2-тармағымен қылмыстық іс қаралды.

Сотта   сотталушы «А» Павлодар облысы бойынша қылмыстық атқару жүйесі департаментінің АП-162/3 мекемесінің №12 карантиндік бөлімшесінің сотталғандарды қорғау және қадағалау бойынша бақылаушы ретінде әскери нарядтың құрамында қызмет атқарғаны, онда жаңадан келген сотталғандар «О» және басқалары болғаны  анықталды.

«А» карантин бөлмесінен сотталғандарды жуыну үшін моншаға апарған, ҚР ІІМ жоғарыда аталған бұйрықтарының талаптарын бұза отырып, сотталғандарымен бірге белсенділер «Д» және «П» қоса кіргізген, олар моншаның шешінетін бөлмесінде сотталушы «А» қатысуымен  сотталған «М»-нің  денесінің әртүрлі  бөліктеріне және өміріне маңызды органдарына қолдарымен  және  аяқтарымен  соққы беріп, ұрып соққан, соққының салдарынан  «М»  есінен танып, Павлодар  қаласындағы АП-162/2 мекемесінде орналасқан соматикалық ауруханаға жеткізіліп,  онда есін жимастан  қайтыс болған.

Сот үкімімен  сотталушы «А» Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 448-бабы 2-тармағында көрсетілген қылмыстық құқық бұзушылық жасағаны үшін  кінәлі деп танылып, оған  3 (үш) жылға бас бостандығынан айырып,  қауіпсіздігі орташа қылмыстық-атқару жүйесінің мекемесінде өтеу жазасы  тағайындалды.

Үкім заңды күшіне енген жоқ.                     

Источник: 
Әскери Соттың Баспасөз қызметі