Қаулыға сәйкес борышкердің Қазақстан Республикасынан шығуы уақытша шектелді

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

2016 жылғы 21 қарашада Өскемен гарнизоны әскери сотында Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті Шекара қызметі «2086 әскери бөлімі» Республикалық мемлекеттік мекемесінің М.А.Усольцевтан қарызды өндіріп алу туралы азаматтық ісі қаралған.

Әскери соттың шешіміне сәйкес, жауапкерден мемлекет пайдасына 154 135 теңге артық төленген ақшалай қаражатты, киім кешекке кеткен 135 351 теңгені, коммуналдық шығындар бойынша 89 119 теңге қарызды, барлығы 378 605 теңге өндірілген.

Шешім заңды күшіне 2016 жылғы 29 желтоқсанда енді.

Жеке сот орындаушы С.Сеитовтан борышкердің Қазақстан Республикасынан шығуын уақытша шектеу туралы қаулысы, «Атқарушылық iс жүргiзу және сот орындаушыларының мәртебесi туралы» Заңның талаптарына сәйкес, борышкер болып табылатын жеке тұлға, заңды тұлғаның басшысы (оның міндетін атқарушы) атқарушылық құжаттағы жиырма айлық есептік көрсеткіштен астам сомаға талаптарды орындамаған кезде, сондай-ақ мерзімдік төлемдерді өндіріп алу туралы атқарушылық құжаттарды үш айдан астам орындамаған кезде сот орындаушысы көрсетілген адамдардың Қазақстан Республикасынан шығуын уақытша шектеу туралы қаулы шығаруға құқылы, ал өндіріп алушының өтініші бойынша осындай қаулы шығаруға міндетті болып келетіндіктен сотқа түсті.

Борышкер М.А.Усольцевтың Қазақстан Республикасынан шығуын уақытша шектеу туралы қаулы судьямен санкцияланды.

 

Источник: 
ҚР Әскери сотының баспасөз қызметі