Ақтау гарнизоны әскери сотында дөңгелек үстел өтті

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Ақтау гарнизоны әскери сотында «Мемлекеттік тіл - ұлттың рухани байлығының көзі» атты тақырыпта дөңгелек үстел өткізілді.

Іс-шараға Ақтау гарнизоны әскери сотының төрағасы М.Алдабергенов, ҚР ҰҚК әскери полиция Басқармасының орынбасарлары, ҚР Қорғаныс Министрлігінің өкілдері, әскери полиция, әскери-тергеу басқармасының және әскери бөлім өкілдері қатысты.

Дөңгелек үстелді төраға М.Алдабергенов аша келе, мемлекеттік басқару, заңнамалық сот өндірісімен іс қағазын жүргізу қазақ тілі болып табылатынын баса айтты. Сондай-ақ, Қазақстан Республикасының әрбір азаматының парызы мемлекеттік тілді меңгеру міндеті болып табылады, өйткені тіл Қазақстан халқын біріктіретін басым факторы болып келеді.

Сонымен қатар, ол іс қағаздарды, жедел кеңестерді, семинар сабақтарымен және өзге де іс-шараларды мемлекеттік тілде өткізу жолымен Қазақстан Республикасы Президентінің тіл саясатын жүзеге асыру және мемлекеттік тілдің қолдану аясын кеңейту мақсатында судьялар мен сот қызметкерлері өз үлестерін қосып келетінін атап өтті.

«Мемлекеттік тіл ұлттық рухани байлық көзі - тәуелсіздіктің тірегі болып табылады, сондықтан біздің ұрпақтарымыз бен біздің халқымыз үшін мемлекеттік тілдің өркендеу қабілетін дамытуымыз қажет», – деді М.Алдабергенов.

Іс-шара соңында қатысушылар сот өндірісінде мемлекеттік тілді дамытудың мәселелерін талқылады және туындаған сұрақтар бойынша түсініктер берілді.

Қайнар: 
ҚР Әскери сотының баспасөз қызметі