Заңды күшіне енген сот актілерін орындау

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Шымкент гарнизоны әскери сотында «заңды күшіне енген сот актілерін орындау» тақырыбында  дөңгелек үстел өткізілді.

Іс-шараға гарнизондық  әскери прокурорлар, Оңтүстік Қазақстан  облысының Әділет Департаменті өкілі,  Әль-Фараби, Енбекші,  Қазығұрт,  Сайрам, Төлеби, Ордабасы, Тюлкубас  аумақтық сот орындаушылар бөлімшелердің  өкілдері, және   ОҚО бойынша аумақтық жеке сот орындаушылар палатасының  өкілдері қатысты.

Төраға  Г.Мынбатыров  өз сөзінде  атқару өндірісін қозғаудан бас тарту туралы қаулылар түскен  кезде сот орындаушылармен   сот актіні орындаудан  бас тарту себептерін  қөрсетілмейтінін, және  созбалыққа салып жалпы соттың жұмысына теріс әсерін тигізетінін атап өтті.

«Сот орындаушылар тарапынан негізсіз бас тарту және  атқару  құжаттарды қайтару сот актілерді уақытылы емес орындауға  әкеп соғады, содан   сот жүйесіне  халықтың сеніміне нұқсан келтіреді» -деп Ғ.Мынбатыров қорытындылады.

Дөңгелек үстелді жүргізу барысында аумақтық бөлімшелердің  өкілдері салыстыру актілері бойынша  сот актілерін орындау бойынша   есептерін оқыды.Одан басқа сот актілерді сот орындаушылармен  орындалмау мәселелері, сот мамандарымен атқару парағын толтыру барысында жіберілген кемшіліктерді және ұзақ уақыт бойы орындалмау себептері, кейбір электронды түрдегі атқару құжаттарды  ешқандай негізсіз   орындалмай сотқа қайтарылғандығы туралы  мәселелер  талқыланды.

Қатысушылар аталған кемшіліктерді жою шараларын қолдану керектігін және алға қойылған мәселелерді орындау және аталған проблемаларды  шешу кезіндегі көмек көрсету керектігі жөнінде ортақ ойға келді.

Источник: 
Әскери Соттың Баспасөз қызметі