ҰҚҚ Шекара қызметі Академиясындағы дәріс

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Алматы гарнизоны Әскери сотының судьясы Д.Алиаскаров ҚР ҰҚҚ Шекара қызметі Академиясының оқытушылық құрамымен «Әскери қызмет және әскери қызметшілердің мәртебесі туралы»  ҚР Заңы» атты тақырыпта дәріс өткізді.

Өз сөзінде судья, әскери қызмет – Қазақстан Республикасының Егемендігін, аумақтық тұтастығы мен шекараларының қол сұғылмаушылығын қарулы қорғауға байланысты әскери қауіпсіздікті тікелей қамтамасыз етуге бағытталған әскери қызметшілерінің мемлекеттік қызметінің ерекше түрі екенін айтып өтті.

Оған қоса, әскери қызметшінің мәртебесі заңдарда белгіленген алып тастауларымен және шектеулерімен Қазақстан Республикасының азаматы ретінде әскери қызметшінің жалпы құқықтарын, бостандықтары мен міндеттерін, сондай-ақ әскери қызмет ерекшеліктерімен негізделген оның құқықтарын, міндеттері мен жауаптылығын қамтитындағын атап өтті.

Дәріс соңында, қатысушылар өздерін қызықтырған сұрақтарын қоюға мүмкіндік алды.

Источник: 
ҚР Әскери сотының баспасөз қызметі