Архив событий

26/07/2017

«Сот актілерін орындау, проблемалық мәселелер» тақырыбында дөңгелек үстел

26/07/2017

2017 жылы 24 шілдеде Талдықорған гарнизонының әскери сотында «Сот актілерін орындау, проблемалық мәселелер» тақырыбында сот мамандарының, аға прокуроры О.Чиняеваның, Талдықорған аймақтық бөлімінің басшысы А.Наурызбаеваның және Талдықорған гарнизонының әскери бөлімдері заңгерлерінің қатысуымен дөңгелек үстел өткізілді.

Кеңсе меңгерушісі Н.Нурманова өз баяндамасында сот шешімінің орындалмауы бүгінгі күні ең елеулі кемшіліктердің бірі, соттар мен тұтастай мемлекетке зиян келтіретінін атап өтті.

Заңдық маңызы бар фактіні анықтау

26/07/2017

Ақтау гарнизоны әскери сотында арызданушы А. балаларды оның асырауында болуын және оларды отбасы мүшелері деп тану туралы заңдық маңызы бар фактіні анықтау жөніндегі арызы бойынша азаматтық іс қаралды.

Мемлекеттік тілді дамыту мәселелері талқыланды

26/07/2017

Ақтау гарнизоны әскери сотының  2017 жылдың 1 жартылдық жоспарына сәйкес, сот төрағасы М.Алдабергенов ҚР ҰҚК Шекара қызметі 2018 әскери бөлімінде «Қазақстан Республикасындағы тіл туралы» Заңын қолдану тақырыбында дөңгелек үстел өткізді.