Архив событий

27/07/2017

«Медиацияның міндеттері мен мақсаты» тақырыбы бойынша Ақтөбе гарнизоны әскери сотында дөңгелек үстел өткізілді

27/07/2017

Іс-шараға Ақтөбе гарнизоны әскери сотының судьясы А.У.Ахметов, «Шынар» гендерлік оқу орталығы» қоғамдық бірлестігінің өкілі С.Г.Дощановамен, медиаторлар З.Г.Казиева, С.А.Балпеисова, Д.К.Саликова, әскери сот кеңсе мамандары қатысты.

«Дөңгелек үстел» барысында судья А.У.Ахметов, өз баяндамасы негізінде медиация тараптардың ерікті келісімі бойынша жүзеге асырылатын, олардың өзара қолайлы шешімге қол жеткізуі мақсатында медиатордың (медиаторлардың) жәрдемдесуімен тараптар арасындағы дауды (дау-шарды) реттеу рәсімі екендігіне тоқталып өтті.

40 литр дизельдік отынды жымқырған әскери қызметші сотталды

27/07/2017

Талдықорған гарнизонының әскери сотымен көшпелі сот отырысында ҚР ҚК-нің 187 бабы 1 бөлігімен айыпталған 29... әскери бөлімінің сержанты «Т» қатысты қылмыстық іс қаралды.

26.06.2017 жылы сағат 18:00 шамасында әскери қызметкер «Т» бокста тұрған әскери автокөліктен 40 литр дизельдік отынды ұрлап, жеке автокөлігінің жүк салғышына салып, жұмыстан қайтып бара жатқан кезінде әскери полиция қызметкерлерімен тоқтатылып, құжаттарды және автокөлігінің жүк салғышын тексеру кезінде дизельдік отынның ұрланғаны анықталған.