Архив событий

22/07/2017

Семей гарнизоны әскери сотында сот актілерінің орындалу мәселелері талқыланды

22/07/2017

Семей гарнизоны әскери сотында «Жеке сот орындаушылар тарапынан атқару өндірісін қозғаудан бас тарту, атқару парақтарын негізсіз қайтаруды және оны шешу туралы проблемалық сұрақтарды талқылау» тақырыбы бойынша дөңгелек үстел өткізілді.

Қылмыстық іс медиация тәртібімен қаралды

22/07/2017

Алматы гарнизоны әскери сотында  ҚР ҚК-нің 440-бабының 1-бөлігімен айыпталған «Т»-ға қатысты қылмыстық іс медиация тәртібімен қаралды.

Соттың анықтауы бойынша, 2016 жылдың 21 шілдесінде 58012 әскери бөлімінің ғимаратында, әжетхана бөлмесінде қатардағы жауынгер «Т» қатардағы жауынгер «Ш»-ді еш себепсіз артынан келіп оң аяғынан шалып құлатқан. Нәтижесінде «Ш» бет тұсымен еденге құлап, сол көзінің қабағы жарылған. 2016 жылғы 27 шілдедегі №37 сот-медициналық сараптама қорытындысына сәйкес, «Ш»-ның деңсаулығына «жеңіл» дәрежедегі зиян келтірілген.

«Сот кабинетінің инновациялық тиімділігі» тақырыбындағы дөңгелек үстел

22/07/2017

Қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық әскери сотында Ұлттық  Ұланның  әскери бөлімдерінің заңгерлерінің,  генерал С.Қ. Нұрмағамбетов атындағы Республикалық «Жас Ұлан» мектебінің,  «Жас отан»  Жастар қанаты қоғамдық бірлестігі-үкіметтік емес ұйымының  қатысуымен  «Сот кабинетінің   инновациялық тиімділігі» тақырыбында дөңгелек үстел  өткізілді.

Сот қосымша демалыс беруден бас тартты

22/07/2017

Талдықорған гарнизонының әскери сотында арыз беруші Н. қосымша еңбек демалысын бермегені үшін 12740 әскери бөлім басшылығының әрекеттерін заңсыз деп тану және 12740 әскери бөлім басшылығына аталған 9 тәулік еңбек демалысын беруді міндеттеу туралы азаматтық ісі қаралды. 

Қылмыстық іс медиация тәртібімен қысқартылды

22/07/2017

Алматы гарнизоны әскери сотында ҚР ҚК 440-бабының 1-бөлігімен айыпталған «А» қатысты қылмыстық іс қаралды.

Соттың анықтауы бойынша, 82796 әскери бөлімінің жеке құрамы саябақ аумағындағы жұмысты аяқтаған соң, казармаға келе бастаған.

Казарманың демалатын орнында мерзімді қатардағы әскери қызметші «А» өзімен бірге әскер қатарына шақырылғандарға басымдылығын көрсетпек болып, қатардағы «С»-ке «Төсекті жина» - деп айтып, қарсы жауап алған.

Қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық әскери сотының судьясы әскери қызметшілермен кездесу өткізді

22/07/2017

Қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық әскери сотының судьясы Б.Дәрібаев ҚР  Қорғаныс Министрлігінің  68665 әскери бөлімінің басшылығымен және әскери қызметшілерімен  «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл» тақырыбы бойынша кездесу өткізді.

Кездесу барысында «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» Заңы, 2015-2025 жылдарға арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегиялары, қоғамда сыбайлас жемқорлыққа қарсы көзқарас пен құқықтық сананы қалыптастыру туралы көкейкесті мәселелер талқыланды.

Ақмола гарнизоны әскери сотында «Ашық есік күні» іс-шарасы өткізілді

22/07/2017

Ақмола гарнизоны әскери сотында «Ашық есік күні» іс-шарасы өткізілді.

Іс-шараға 2014 әскери бөлімінің заңгерлері қатысты.

Сот төрағасы А.Бабатов қатысушылардың еңбек дауына қатысты сұрақтарына жауап берді.

Сонымен бірге, сот төрағасы әскери бөлімнің заңгерлерінің назарына мемлекеттік тілді дамыту мақсатында талап арыздарды мемлекеттік тілде тапсыру қажеттігін атап өтті.

Іс-шара соңында қатысушылар ұсынылған ақпараттар үшін алғыстарын білдірді.