Архив событий

28/07/2017

«Сот кабинеті» электрондық сервисі» туралы семинар өткізілді

28/07/2017

Семей гарнизоны әскери сотының бас маманы Г.Жуматаева Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігі 54835 әскери бөлімінде «Сот кабинеті» электрондық сервисі» туралы семинар өткізді.

Семинарға әскери бөлім әскери қызметкерлері мен әскери бөлім командирінің тәрбие және әлеуметтік-құқықтық жұмыстар бойынша орынбасарлары қатысты.

Бас маман  қатысушыларға талап арыздарды, арыздарды, жүгінулерді, сұрау хаттарды, шағымдарды «Сот кабинеті» электрондық сервисі арқылы жіберу тәртібін түсіндірді.

«Ностальжи» радиосындағы сұхбат

28/07/2017

Талдықорған гарнизоны әскери сотының жетекші маманы И.Мырзекенов Ностальжи радиосында «Мемлекеттік тіл» туралы сұхбат берді.

Өз сөзінде И.Мырзекенов әр мемлекеттің мемлекеттік тілі ол мемлекеттің негізі мен белгісі болып табылатынын, қазақ тілі мемлекеттік тіл мәртебесінде болғандықтан, мемлекеттік тілді  жақсы меңгеріп,  сақтап және  оны дамыту  барлық мемлекеттік органдардың қызметкерлерінің басты міндеті  мен жауапкершілігі екенін айтты.

Сотпен талап арыз қанағаттандырылды

28/07/2017

Семей гарнизоны әскери сотында 2086 әскери бөлімнен жекешелендіруге жатпайтын қызметтік үйдің орнына оның ақшалай құнын өндіруді сұраған азамат П.Чертконың талап-арызы бойынша азаматтық іс қаралды.        

Сот мәжілісінде талапкердің әскери қызметтегі өтілі күнтізбелік есеппен 23 жылдан астам болғандығы және де ол әскери қалашықта орналасқан жекешелендіруге жатпайтын қызметтік үйдің орнына компенсация төленуі көзделген заң қолданыста болған кезде әскери қызметтен босатылғандығы анықталды.