Архив событий

19/07/2017

«Терроризмге қарсы іс-қимыл» тақырыбында семинар сабағы

19/07/2017

Қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық әскери сотында «Терроризмге қарсы іс-қимыл» тақырыбында семинар сабағы өткізілді. Семинарға судьялар мен  сот қызметкерлері қатысты.    

Семинар барысында  Қазақстан  Республикасының 1999 жылғы 13 шілдедегі №416 «Терроризмге қарсы іс-қимыл туралы» Заңы  және  терроризмге қарсы іс-қимылды ұйымдастырдың  негіздері, терроризмге қарсы қолданылатын іс-шаралар мен террористік іс-әрекеттер үшін жауаптылық туралы түсіндірілді.

Сот залынан...

19/07/2017

Алматы гарнизоны Әскери сотында «ҚР ҰҚК ШК 2177 әскери бөлімі» РММ-нің  К. қатысты тұрғын үйді жалдау келісімін бұзу туралы және барлық отбасы мүшелерімен бірге қызметтік тұрғын үйден шығару туралы азаматтық істің қаралуы аяқталды.

Соттың анықтағаны, бұрын қызметтік тұрғын үй келісім шарт бойынша әскери қызмет атқару кезінде жауапкерге және оның отбасына берілген. Алайда, қазіргі уақытта жауапкер Қарулы күштер қатарынан теріс қылықтарымен жұмыстан босатылған. Еңбек өтілі күнтезбелік есеппен 16 жыл.

Алғыс жарияланды

19/07/2017

Алматы гарнизоны әскери сотының төрағасы Ж. Жайлаубай,  Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің «Гвардейск аудандық пайдалану бөлімінің» заңгері Г.Найзабековаға гарнизон сотының жұмысына белсенді қатысқаны үшін, Қазақстан Республикасы қорғаныс министрлігінің мүддесін сотта белсенді қорғай білгені үшін салтанатты түрде алғысын білдірді.

Сонымен қатар, Алматы гарнизоны әскери сотының ұжымы оның маңызды және адал жұмысын, жоғары жауапкершілігін,  өз міндеттерін  жақсы білгенін айта кете аталған алғыспен құттықтады.