Архив событий

18/07/2017

Тағайындалған айыппұл түріндегі жаза бас бостандығынан айыру жазасына ауыстырылды

18/07/2017

Семей гарнизоны әскери сотында Семей қаласы бойынша әкімшілік айыппұлдарды өндіру және сот үкімдерін орындау бөлімі сот орындаушысының «Т»-қа қатысты сот үкімі бойынша жазасын ауыстыру туралы ұсынысы қаралды.

Сотта, Семей гарнизоны әскери сотының үкімімен «Т» ҚР ҚК-нің 28 бабы 5 бөлімі, 366 бабы 3 бөлімінің 4 тармағымен көзделген қылмысты жасағаны үшін кінәлі деп танылып, оған 21 000 000 теңге көлемінде айыппұл түріндегі жаза тағайындалғандығы анықталды.

Судьялар мен сот мамандары ұжымдық семинарда «Күзет қызметі туралы» ҚР Заңын талқылады.

18/07/2017

Қарағанды гарнизоны әскери сотының судьялары мен мамандары ұжымдық семинарда Қазақстан Республикасы «Күзет қызметі туралы» заңын талқылады.

Семинар барысында баяндама жасаған аға сот жасауылы Шөпенов, қатысушыларға сот ғимаратының ішкі қауіпсіздігін сақтау ережелерін, сотқа келген тұлғаларды тексерудің өзіндік ерекшеліктерін және  сот ғимаратына «қоңырау/СМС» функциялары бар ұялы телефондардан басқа ұялы телефондарды кіргізуге тиым салынғанын жеткізді.

Терроризмге қарсы іс-қимыл мәселелері бойынша дөңгелек үстел

18/07/2017

Талдықорған гарнизонының әскери сотында «Терроризмге және экстремизмге қарсы шаралар»тақырыбында  дөңгелек үстел өткізілді.

Дөңгелек үстелге сот қызметкерлері мен Қазақстан Республикасының ІІМ Алматы облысы мамандандырылған күзет қызметі басқармасы мемлекеттік мекемесінің қызметкері қатысты.

Шараны өткізудегі мақсат терроризм мен экстремизмнің алдын-алу болып табылады.