Судьялар мен сот мамандары ұжымдық семинарда «Күзет қызметі туралы» ҚР Заңын талқылады.

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Қарағанды гарнизоны әскери сотының судьялары мен мамандары ұжымдық семинарда Қазақстан Республикасы «Күзет қызметі туралы» заңын талқылады.

Семинар барысында баяндама жасаған аға сот жасауылы Шөпенов, қатысушыларға сот ғимаратының ішкі қауіпсіздігін сақтау ережелерін, сотқа келген тұлғаларды тексерудің өзіндік ерекшеліктерін және  сот ғимаратына «қоңырау/СМС» функциялары бар ұялы телефондардан басқа ұялы телефондарды кіргізуге тиым салынғанын жеткізді.

Сонымен қатар, семинар барысында террористік акт немесе басқа құқыққа қарсы қауіп-қатер туындаған жағдайда сот ұжымының жүзеге асыруы қажет іс-әрекеттері талқыланды.

Источник: 
ҚР Әскери сотының баспасөз қызметі