Архив событий

31/07/2017

Қарағанды гарнизоны әскери сотында семинарлық сабақ өткізілді

31/07/2017

Қарағанды гарнизоны әскери сотының бас маманы Т.В.Старченко «Сот шығындары, оның ішінде мемлекеттік бажды төлеудің тәртібі мен мөлшері және оны төлеуден босату негіздері» туралы тақырыпта семинар өткізді.

Өз баяндамасында әскери соттың бас маманы, Қазақстан Республикасы АПК-нің талаптарына сәйкес, сот шығындары іс жүргізуге байланысты мемлекеттік баж бен басқа да шығындардан тұратындығын айтты.

Семей гарнизоны әскери сотында 2017 жылдың 1 жартыжылдық жұмысы қорытындыланды

31/07/2017

31 шілде күні Семей гарнизоны әскери сотында 2017 жылдың 1 жартыжылдық жұмысының қорытындылары бойынша дөңгелек үстел өтті.

Дөңгелек үстелге әскери прокуратура, әскери полиция, ҚР ІІМ Шығыс өңірлік әскери тергеу басқармасының өкілдері, әскери бөлімдердің заңгерлері және сот мамандары қатысты.

Жиында сот төрелігін жүзеге асырудың қорытындысы бойынша Семей гарнизоны әскери сотының төрағасы А.Жүнісбеков  баяндама жасады.