Архив событий

17/07/2017

«Құжаттардың мемлекеттік тілде әзірленуі» тақырыбында семинар сабағы өтті

17/07/2017

Қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық әскери сотында «Құжаттардың мемлекеттік тілде әзірленуі», тақырыбында семинар сабағы өтті. Семинарға судьялар және сот мамандары қатысты.

Cеминардың мақсаты- мемлекеттік тілдің қолдану аясын кеңейту сот құжаттарын әзірлеу бойынша әдістемелік көмек көрсету.

Ақмола гарнизоны әскери сотының төрағасы әскери қызметшілермен кездесу өткізді

17/07/2017

Ақмола гарнизоны әскери сотының төрағасы А.Бабатов әскери қызметшілермен кездесу өткізді.

А.Бабатов өз баяндамасында, қазіргі таңда көп азаматтармен заңның талаптарын өрескел бұзылатынын айтып, осыған орай, сыбайлас жемқорлықтың алдын алу, оған қарсы тұру керектігін атап өтті. Заң талабын қатаң сақтау және мұңдай қателіктер болдырмау үшін әскери қызметшілерге заңды бұзбау керектігін, кез келген сыбайлас жемқорлықпен қарым қатынаста болған азаматты  алда не күтіп тұрғанын  және қандай жауаптылыққа тартылатынын ескертті.  

Сот жұбайы қаза болуына байланысты бір жолғы ақшалай өтемақы төлеуден бас тарту туралы шешімін заңсыз деп таңыды...

17/07/2017

Талдықорған гарнизонының әскери сотымен арыз беруші Г.Кулманбетова жауапкерлер «ҚР ҰҚК Шекара қызметіне және «9807 әскери бөліміне лауазымды адамдардың жұбайы қаза табуына байланысты бір жолғы ақшалай өтемақы төлеуден бас тарту туралы шешімін заңсыз деп тануды және бір жолғы ақшалай өтемақы төлеуге міндеттеу туралы азаматтық іс қаралды.