Тіл аясын кеңейту

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Қостанай гарнизонының әскери сотында 2017 жылғы 5 қыркүйекте «Тіл аясын кеңейту» тақырыбында «дөңгелек үстел» өткізілді.

Іс-шараға Қостанай облыстық тілдерді дамыту басқармасының өкілі, Петропавл гарнизоны әскери прокуратурасының, ҚР-сы Ұлттық ұланның Әскери институтының және 6697 әскери бөлімнің өкілдері, сонымен қатар әскери соттың мамандары қатысты.

Тілдерді дамыту басқармасының өкілі Қ. Ахметов өз сәлемдесу сөзінде бүгінгі күнде мемлекеттік тілде іс жүргізуге талап жоғары деп бастады. Десе де, бұл салада кездесетін олқылықтар аз емес, бүгінгі іс-шараның мақсаты - мемлекеттік тілде іс жүргізу жұмыстарды жақсарту. Әрине, жүмыс барысында біраз кемшіліктер кездесіп жататыны жасырын емес. Облыс бойынша мемлекеттік тілді оқытатын орталықтар да бар деді. Олар өз деңгейінде жұмыстарын жүргізіп жатыр

Сонымен қатар, бас маман Н. Қаратаев қысқаша осы саласындағы жаңалықтарға тоқталып,  сот құжаттары тек ғана немесе көбінде мемлекеттік тілде толтырылатынын, осы мақсатында іс-шаралар қолға алынып жатқандығын атап өтті. Ал, ұсыныстар болып жатса, бүгін әскери сот мамандары жұмыс істеп, қорытынды шығаруға дайын деп аяқтады.

Шара соңында қатысушылар бұл тақырыпта өз пікірлерімен алмасты және мүдделі мәселелер бойынша оларға толыққанды түсініктемелер ұсынды.

Источник: 
Әскери Соттың Баспасөз қызметі