Терроризм актісі туралы көрінеу жалған хабар берген жас офицер жауапкершілікке тартылды

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Алматы гарнизоны Әскери сотында сотталушы С-ға қатысты Қазақстан Республикасы ҚК-нің 273 бабы бойынша қылмыстық іс қаралды.

Сотпен анықталғаны, 2017 жылы маусым айының 25-күні 30212 әскери бөлімінің  бекітілген тізімімен лейтенант С. 1 тәуліктік кезекшілікке паркке түседі.  Сотталушы С. парк аумағына жүріп, қасақана түрде өзінің ұялы байланысымен  8-72636-5-62-12 қалалық номерге Гвардейск қалашығында орналасқан №7 жатақхана вахтасының кезекшісі С-ға хабарласып, 30 минуттан кейін жатақханада жарлыс болады деп жалған ақпарат береді. Жамбыл облысы, Қордай ауданы, Гвардейск қалашығының жанында орналасқан мемлекеттік органдар мен ұйымдардың бәрін дүрліктіріп, қоғамдық тәртіппен, қоғамдық қауіпсіздікті бұзды онымен қоса құқық қорғау органдары мен арнайы жасақ қызметкерлерін шұғыл қызмет көрсету үшін шақыртқызылып алынды. Тексеріс барысында №7 жатақханада ешқандай жарылғыш заттың болмағаны анықталды.

Сот үкімімен  сотталушы С. 1 жыл бас бостандығынан айыру жазасын түзеу мекемесінде жазасын өтеу тағайындалды. Сотталушы С-ны  «лейтенант» шенінен айырылды. Сотталушы С., сот залында тұтқынға алынды.

Үкім заңдық күшіне енген жоқ.

Источник: 
Әскери Соттың Баспасөз қызметі