Талап арыз толық көлемде қанағаттандырылды

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Ақмола гарнизоны әскери сотында талапкер «68665 әскери бөлімі» РММ-нің азамат В.-ға келтірілген материалдық залал соммасын өндіру туралы талап арызы бойынша азаматтық іс қаралды.

Талапкердің өз талабында жауапкер В. 2013 жылдан бастап 2015  жылдар аралығында Қазақстан Республикасы Үкіметінің №1091 қаулысымен бекітілген "Әскери қызметшілерді тұрғын үймен қамтамасыз ету" қағидаларын бұзып, әскери қызметші А.-дан тұрғын үйге мұқтаждар тізіміне қою туралы жалған анықтама алғандығы көрсетілген. Ұсынылған жалған анықтамаға сәйкес, 68665 әскери бөлімінің қаржы қызметімен жауапкер В.-ға 2013-2015 жылдар аралығында 2 104 465 теңге көлемінде мақсатты төлемақы төленген.

Талапкер соттан жауапкер В.-дан келтірілген материалдық залал 2 104 465 теңге сомманы мемлекет пайдасына өндіруді сұрады.

Жауапкер талапкердің талабын толық көлемде мойындаған.

Осыған орай, Ақмола гарнизоны әскери сотының шешімімен талап арыз толық көлемде қанағаттандырылды.

Источник: 
ҚР Әскери сотының баспасөз қызметі