Судьяларға алғыс!

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Қазақстан Республикасы Жоғарғы Соты Төрағасының поштасына Ресей Федерациясының азаматы И.Ю.Стрижактан алғыс хат келіп түсті.

Автор өз хатында істі жан-жақты, объективті және мінсіз қарағаны үшін Әскери соттың төрағасы С.Абдоллаға, сонымен бірге судьялар К.Е.Саманбетовке және Д.Н. Ахтямовқа шын жүректен жолданған алғысын білдірген.

Автор хатында сонымен қатар, отбасына қатысты заңды және әділ шешімі үшін Қостанай гарнизоны әскери сотының судьясы М.И.Аманжоловқа үлкен алғыс жолдаған.

Источник: 
Әскери Соттың Баспасөз қызметі