«Судьялар Одағының құрметті мүшесі» атты төс белгісімен марапаттау

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Ақтөбе гарнизоны әскери сотының ғимаратында сот төрағасы Ш.Н.Кадировтың доғарыстағы судья, әділет полковнигі К.С.Байжановпен кездесуі өтті.

Осы шара кезінде, Ш.Н.Кадиров салтанатты түрде Қазақстан Республикасы Судьялар Одағының Орталық Кеңесінің атынан «Судьялар Одағының Құрметті мүшесі» төс белгісімен сот саласының дамуына қосқан үлесі үшін доғарыстағы судья Қ.С.Байжанов марапатталды. Сонымен қатар, әділ сот ісін жүзеге асырудағы және қоғамдық жұмысқа қосқан зор еңбегі үшін осы соттың судьясы Б.Ж.Тажмұхан мақтау қағазымен марапатталды, одан басқа ҚР-сы Жоғарғы Сотының Департамент басшысының құрмет грамотасымен кеңсе меңгерушісі Ә.Ү.Қожина өзінің қызметтік міндетін мінсіз атқарғаны үшін марапатталды.

Кадиров өзінің сөзінде: «Судьялар Одағының Құрметті белгісімен марапатталу бұл сол адамның көп жылдық ерен еңбегі үшін және мінсіз де белсенді қоғамдық қызметі үшін көрсетілетін құрмет» - екенін атап өтті.

 Өз кезегінде марапатталған тұлғалар еңбектерінің назарға алынып көрсетілген құрметі үшін алғыстарын білдірді.

Источник: 
ҚР Әскери сотының баспасөз қызметі