Сотпен 1 312 200 теңге өтемақы айырмашылығы өндірілді

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Семей гарнизоны әскери сотында Т.Абдразаковтың ҚР Қорғаныс Министрлігіне және 44793 әскери бөліміне жекешелендіруге жатпайтын қызметтік тұрғын үйдің орнына ақшалай компенсациясының айырмашылығын төлеу туралы арызы бойынша азаматтық ісі қаралды.

Соттың анықтауы бойынша, 2014 жылы ҚР жаңа тұрғын үйлерінің орта нарықтық бағасы 194100 теңге есеппен, талапкерге 10 481 400 теңге қаржылай өтемақы төленген. Баянат 2014 жылы ҚР орта нарықтық есеп 218 481 теңгені құраған кезде берілген. Талапкер соттан ҚР жаңа тұрғын үйлерінің 2015 жылғы орта нарықтық бағасы 223 300 теңге есеппен өтемақы айырмашылығын өндіріп беруді сұраған.

Сотпен талап арыз ішінара қанағаттандырылып, талапкер өтемақыны төлеу туралы баянатпен 2014 жылы жүгінгендіктен, ҚР Қорғаныс Министрлігінен талапкерге ҚР жаңа тұрғын үйлерінің 2014 жылғы орта нарықтық бағасы 218 481 теңге есебімен 1 312 200 теңге қаржылық өтемақы өндірілді.

Шешім заңды күшіне енген жоқ.

Қайнар: 
ҚР Әскери сотының баспасөз қызметі