Сот жүйесінде жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Ақмола гарнизоны әскери сотында кеңсе меңгерушісінің және сот қызметкерлерінің қатысуымен «Сот жүйесінде жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау» тақырыбында семинар сабақ өткізілді.

Семинар барысында кеңсе меңгерушісі А.Кульманова өз сөзінде аталған нұсқаулықтағы талаптарды бұлжытпай сақтау қажеттігін жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау тәртібі туралы нұсқаулықты талқылаудың негізгі қағидаларын айтып өтті. Сондай-ақ, өтiнiштерге берiлетiн жауаптар Қазақстан Республикасының заңнамасына сiлтеме жасай отырып, мазмұны бойынша негiзделген және дәлелдi, мемлекеттiк тiлде немесе өтiнiш берiлген тiлде болуға, арыз берушiнiң қабылданған құқықтарын түсiндiре отырып, оның дәлелiн жоққа шығаратын немесе растайтын нақты деректердi қамтуға тиiс екендігін айтты.

Семинар соңында қатысушылармен тақырыптың негізгі мәселелері талқыланып, келіп түскен сұрақтар бойынша толық жауаптар берілді.

Қайнар: 
Әскери Соттың Баспасөз қызметі