Әскери сот журналистерді кәсіби мерекесімен құттықтады

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Байланыс және ақпарат қызметкерлері күні қарсаңында Әскери соттың судьялары БАҚ өкілдерімен бейресми түрде, дастархан басында кездесті.

Кездесуге жетекші республикалық және облыстық деңгейдегі басылымдар мен телеарналардың өкілдері шақырылды.

Әскери соттың төрағасы Сәкен Абдолла журналистерді кәсіби мерекелерімен құттықтай келе, өзінің сөзінде, тілші қызметі риясыздық, шынайылық, кәсибілік және жауапкершілікпен қатар қоғамға тиімді әрі сауатты ақпарат жеткізуді талап ететінін атап өтті.

Төраға тілшілерді сот жүйесінің қызметін жария етудегі тығыз қарым-қатынастағы жұмысына және ынтымақтастығы үшін алғысын білдіріп, шығармашылық табыс пен отбасылық бақыт тіледі.

«Журналистердің күнделікті жұмысының арқасында біз әлемде болып жатқан жаңалықтармен танысып отырамыз, және де ең негізгісі, халықтың кең ауқымы сот жүйесінің жұмысы туралы біліп отырады»- деді, төраға.

Кездесудің қатысушылары шай іше келе,  сот жүйесінің ашықтығы мен қол жетімділігі, негізігі құқықтық реформалары туралы әңгімелесті, сонымен қатар, сот жүйесіне енгізілген жаңа ақпараттық технологиялар туралы мәселелер қозғады.

Іс-шара барысында БАҚ өкілдері алғыс хаттармен және естелік сыйлықтармен марапатталды.

 

Қайнар: 
ҚР Әскери сотының баспасөз қызметі