Семей гарнизоны әскери сотында сот актілерінің орындалу мәселелері талқыланды

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Семей гарнизоны әскери сотында «Жеке сот орындаушылар тарапынан атқару өндірісін қозғаудан бас тарту, атқару парақтарын негізсіз қайтаруды және оны шешу туралы проблемалық сұрақтарды талқылау» тақырыбы бойынша дөңгелек үстел өткізілді.

Осы іс-шараға төраға А.Жүнісбеков, сот мамандары, Шығыс әскери аумағының әскери прокурорының көмекшісі Е.Дюсенбаева, Семей қаласы бойынша әкімшілік айыппұларды өндіру және сот үкімдерін орындау бөлімінің басшысы  Ә.Нуржакупова, Жаңасемей аумақтық бөлімінің сот орындаушысы А. Сагиева, жеке сот орындаушылар және әскери бөлімдерінің өкілдері қатысты.

Іс-шараны аша келе төраға А.Жүнісбеков дөңгелек үстелге қатысушыларға сот актісінің орындалуы - сот төрелігінде ең манызды элемент екенін атап өтті. Азаматтардың және заңды тұлғалардың   құқықтарын түбегейлi қалпына келтiру тек сот актісін орындауды іске асырудан басталады. Бүгінгі күнге дейін әртүрлі себептермен сот актілерінің үштен бір бөлігі орындалмағанын айтты.

Жетекші маман Г.Бегимова өзінің баяндамасында сот актілері бойынша айыппұл бөлігінде, мүлікті тәркілеу бойынша сұрақтарға тоқталды. Сонымен қатар сот актісінің орындау бойынша жұмыс күйі мемлекеттің тиiмдi сот төрелігі жүйесін бейнелейтінін көрсетті.

Сонымен қатар іс-шара өту барысында Семей гарнизоны әскери сотының сот актілерінің орындау бөлігінде көтерілген проблемалық сұрақтар бойынша түсіндірулер жүргізілді. Заңдарды жетілдіру бойынша  жеке ұсыныстар айтылды.

Дөңгелек үстел қортындысы бойынша оның  қатысушылары өткізілген іс-шара көтерілген проблемалық сұрақтарды шешуде конструктивтi түрде өткені туралы бір тұтас пікірге келіп, атап өтті.

Қайнар: 
ҚР Әскери сотының баспасөз қызметі