Өтемақы айырмашылығын өндіру туралы талап арыз қанағаттандырылды

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Алматы гарнизоны әскери сотында  Т-ның талап арызы бойынша ақшалай өтемақының айырмашылығын және сот шығындарын өндіру туралы азаматтық ісі қаралды.

Талапкер өзінің талабында, «Парашюттық дайындау орталығы» ММ-де әскери қызмет атқаратының, күнтізбелік есеп бойынша әскери қызметтегі еңбек өтілімі 20 жылдан астам құрайтынын жеткізді. Әскери бөлім басшылығымен 2015 жылғы баянаты бойынша және жекешелендіруге жатпайтын  тұрғын үй орнына төленетін ақшалай қаражаттын ережелерін реттейтін 2012 жылғы 28 тамыздағы № 1092 Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысына сәйкес, 2013 жылғы нарықтық бағамымен жаңа тұрғын үйдің бір шаршы метріне  194 100 теңге, яғни осы есеппен  6 987 600 теңге төлеген. Алайда, ақшалай қаражат төлеу туралы бұйрық  2014 жылы наурыз айында шығарылған, 2014 жылы наурыз айында Қазақстан Республикасыда жаңа тұрғын үйдің нарықтық бағасы бір шаршы метрі үшін  218 481 теңге болған.

Осыған орай, талапкер жауапкерден 877 716 теңгені құрайтын жекешелендіруге жатпайтын тұрғын  үй орнына төленетін ақшалай қаражаттың айырмашылығын және мемлекеттік бажға төлеген 87 777 теңге қаражатты өңдіруді сұрады.

Сот, тараптарды тыңдап және іс материалдарын зеріттеп, Т-ның талап арызын қанағаттандыруды шешті.

Шешім заңды күшіне енген жоқ. 

Қайнар: 
ҚР Әскери сотының баспасөз қызметі