Мемлекеттің пайдасына өндірілді

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Талдықорған гарнизонының әскери сотына талапкер  54... әскери бөлімі жауапкер «А»-дан 336 312 теңге бюджет қаражатын мемлекет пайдасына өндіру туралы арызбен жүгінген.

Сот отырысында анықталғаны жауапкерге 2016 жылы наурыз айынан тамыз айына дейінгі уақытқа, тұрғын үйді жалға алғаны үшін айына 56 052 теңге мөлшерінде ақшалай өтемақы төленген. Алайда, жауапкер 2016 жылы қаңтар айында өңірлік дамыту бағдарламасы арқылы алған өзінің 2 бөлмелі пәтері бар екенін жасырған. Яғни, өз үйі болған, өтемақы алуға мұқтаж емес. Талапкер өкілі осы деректер негізінде жауапкерден заңсыз алынған 336 312 теңге мөлшерінде соманы мемлекетке өндіруді сұрады.

Сот іс-материалдарын тексеріп, тараптардың пікірлерін тыңдап, талапкердің талап арызды толығымен қанағаттандыруға жатады деген қорытындығы келді.

Сот шешімі заңды күшіне енген жоқ.

Қайнар: 
Әскери Соттың Баспасөз қызметі