«Мемлекеттік тілдің қолдану аясын дамыту» атты тақырыпта дөңгелек үстел өткізілді

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Өскемен гарнизоны әскери сотының судьясы А.Даменовтың төрағалық етуімен «Шығыс Қазақстан облысы бойынша қорғаныс істер жөніндегі Департаменті» РММ-де «Мемлекеттік тілдің қолдану аясын дамыту» атты тақырыпта дөңгелек үстел өткізілді.

Шараға Өскемен гарнизонына қарасты Қазақстан Республикасы Қорғаныс Министрлігі, Ұлттық қауіпсіздік комитеті Шекара қызметі, Ұлттық Ұланы және басқа да әскери құрылымдардың заң қызметтерінің өкілдері қатысты.

Өз сөзінде А.Даменов Қазақстан Республикасының мемлекеттік тілі, яғни мемлекеттік басқарудың, заң шығарудың, іс жүргізу мен сот ісін жүргізу тілі болып қазақ тілі табылатынын айтып өтті. Мемлекеттік тілді білу және дамыту - кез-келген азаматтың қасиетті міндеті мен борышы болып табылатынын айтты.

Сондай-ақ судья еліміздегі өзара түсінушіліктің арқасында барлық тілдер мен мәдениеттердің еш кедергісіз сақталып, одан әрі дамып келе жатқаны жайлы айтып өтті. Соңында, судья «Мемлекеттік тілдің қолдану аясын дамыту қоғамдық және саяси басымшылықтардың бірі болып келеді. Тіл дегеніміз – мемлекеттіліктің,  өсіп келе жатқан жас ұрпақ дамуы мен барлық ұлттың жарқын болашағының  кепілі», - деп қорытындылады.

Дөңгелек үстел аясында сот құжаттарын мемлекеттік тілде рәсімдеудегі мәселелер талқыланып,  туындаған сауалдарға тұжырымды жауап берілді.

Қайнар: 
ҚР Әскери сотының баспасөз қызметі