Мемлекет басшысының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты мақаласы талқыланды

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Ақтау гарнизоны әскери сотының судьясы Б.Омаров Қазақстан Республикасының Ұлттық Ұланының 6656 әскери бөлімінде «Рухани жаңғыру – мәңгілік ел болудың кепілі» атты тақырыпта  дөңгелек үстел өткізді.

Іс-шараға әскери бөлімнің әскери қызметшілері мен командир орынбасарлары және әскери полиция өкілдері қатысты.   

Судья Б.Омаров жиынды  аша келе, Елбасы мақалада әрбір қазақстандықтың санасын, қоғамды тұтастай жаңғыртудың бірнеше бағыттарын атап өткендігіне тоқталды. "Бұл прагматизм, сананың ашықтығы, бәсекеге қабілеттілікті көрсетеді", - деді ол.

Сондай-ақ, ол ертеңгі күннің ерекшелігі бұл бәсекеге қабілеттілік ұлт табысының басты факторы екендігін айтып, іс-шараға қатысушыларды тілдерді білуге, құрметтеуге және бастамашыл болуға шақырды.

Дөңгелек үстел соңында қатысушылар  аталған бағдарламалық мақаланың терең маңыздылығын айтып, өз ойларын ортаға салды.

Источник: 
ҚР Әскери сотының баспасөз қызметі