«Медиацияның міндеттері мен мақсаты» тақырыбы бойынша Ақтөбе гарнизоны әскери сотында дөңгелек үстел өткізілді

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Іс-шараға Ақтөбе гарнизоны әскери сотының судьясы А.У.Ахметов, «Шынар» гендерлік оқу орталығы» қоғамдық бірлестігінің өкілі С.Г.Дощановамен, медиаторлар З.Г.Казиева, С.А.Балпеисова, Д.К.Саликова, әскери сот кеңсе мамандары қатысты.

«Дөңгелек үстел» барысында судья А.У.Ахметов, өз баяндамасы негізінде медиация тараптардың ерікті келісімі бойынша жүзеге асырылатын, олардың өзара қолайлы шешімге қол жеткізуі мақсатында медиатордың (медиаторлардың) жәрдемдесуімен тараптар арасындағы дауды (дау-шарды) реттеу рәсімі екендігіне тоқталып өтті.

Дөңгелек үстелді өткізудің басты мақсаты бұл медиацияның қолданылу саласы, жеке және (немесе) заңды тұлғалар қатысатын азаматтық, еңбек, отбасылық және өзге де құқықтық қатынастардан туындайтын, сондай-ақ онша ауыр емес және ауырлығы орташа қылмыстар туралы, қылмыстық теріс қылықтар туралы істер бойынша қылмыстық сот ісін жүргізу барысында қаралатын даулар (жанжалдар) және атқарушылық іс жүргізуді орындау кезінде туындайтын қатынастар медиацияның қолданылу саласы болып табылатынын қатысушылардың назарларына жеткізу.

Іс-шара соңында қатысушылар осы талқыланған тақырып бойынша өзара ой-пікірлерімен бөлісті.

Источник: 
ҚР Әскери сотының баспасөз қызметі