Медиацияның артықшылығы

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Қостанай гарнизоны әскери сотында «Медиацияның артықшылығы» тақырыбымен семинар өткізілді.

Іс-шарада әскери сотының қызметкерлері, «Қостанай облысы медиаторлар Қауымдастығы» Қоғамдық қоры кеңесінің төрағасы И. Зуев және әскери бөлімдердің заңгерлері қатысты.

Кездесудің барысында Зуевпен семинарға қатысушылардың назарына медиация тәртібімен азаматтық-құқықтық даулардың, сондай-ақ, кәсіби медиаторларымен партисипативтік рәсімі бойынша дауларды реттеу мәселелері  жеткізілді.

Ол медиацияның мақсаты мен артықшылығын түсіндірді. Осы процедуралар сот қаржылық шығындарымен салыстырылғанда медиацияның шығындары төмен болғанына, уақыт шығындары қысқартылғанына және құпиялылығы мен жариялылықтың пәрмендік механизмы болып шыққанына назар аударды.

Әрі қарай, ол тараптардың бір жағы мемлекет болғанда, сондай-ақ, сыбайлас жемқорлық туралы істер бойынша медиацияның қолдануы мүмкін еместігін айтты.

Ол медиацияның артықшылықтарын атап өтіп, адамзат және іскерлік қарым-қатынастарды сақтауға, психологиялық және эмоциялық жүктемені түсіруге мүмкіндік беретіндігін, қатысушылардың мүдделеріне сай әділетті шешімді қабылданатындығын көрсетті. Сонымен қатар, Зуев қатысушыладың  қойылған сұрақтарына жауап берді.  

Семинардың қорытындысы бойынша қатысушылармен «Медиация туралы» Заңының талаптарын орындау және медиация қолдану жөніндегі ақпараттық жұмысты белсендіру туралы шешім қабылданды.

Источник: 
ҚР Әскери сотының баспасөз қызметі