Қылмыстық іс медиация тәртібімен қысқартылды

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Алматы гарнизоны әскери сотында ҚР ҚК 440-бабының 1-бөлігімен айыпталған «А» қатысты қылмыстық іс қаралды.

Соттың анықтауы бойынша, 82796 әскери бөлімінің жеке құрамы саябақ аумағындағы жұмысты аяқтаған соң, казармаға келе бастаған.

Казарманың демалатын орнында мерзімді қатардағы әскери қызметші «А» өзімен бірге әскер қатарына шақырылғандарға басымдылығын көрсетпек болып, қатардағы «С»-ке «Төсекті жина» - деп айтып, қарсы жауап алған.

Алған жауабына риза болмай, қатардағы «А» ҚР Қарулы күштерінің ішкі қызмет Жарғысын өрескел бұзып, «С»-ке бірнеше мәрте соққы келтіріп, тамағынан алып итеріп жіберген, сол кезде қатардағы «С» темір төсекке басымен соғылған.

Сот-медицина сараптамасының қорытындысына сәйкес, қатардағы «С»-ке жеңіл дәрежедегі зиян келтірілген.

Сот отырысында тараптардан істі медиация тәртібімен қысқарту туралы қолдаухат түскен.

Сот, ҚР ҚК-нің 68-бабының 1-бөлігін басшылыққа алып, қылмыстық істі қысқартты.

Сот қаулысы заңды күшіне енген жоқ.  

 

Қайнар: 
ҚР Әскери сотының баспасөз қызметі