Құжаттарды мұрағатта сақтау тәртібі туралы

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Қостанай гарнизонының әскери сотында «Құжаттарды мұрағатта сақтау тәртібі туралы» тақырыбында «дөңгелек үстел» өткізілді.

Іс-шараға Қостанай және Петропавл гарнизондары әскери прокуратураларының, ҚР-сы Ұлттық ұланның Әскери институтының өкілдері, сонымен қатар әскери соттың мамандары қатысты.

Кеңсе меңгерушісі Д. Шаяхметов өз сәлемдесу сөзінде жасаған құжаттарды мұрағатта сақтау және мемлекеттік мұрағатқа тұрақты сақтауға тапсыру тәртібінде болатын жағдайларға тоқталды. 

Сонымен қатар, бас маман Н. Махмұтов сот саласындағы жаңалықтарға қысқаша тоқталып, сот мұрағатында «Электрондық мұрағат» бойынша жұмыстар жүріп жатқандығын, болашақта істер мен құжаттарды қағаз жүзінде емес электронды түрде сақтау  мақсатында іс-шаралар қолға алынып жатқандығын атап өтті.

Шара соңында қатысушылар мұрағат жұмысына қатысты өз пікірлерімен алмасты және мүдделі мәселелер бойынша оларға толыққанды түсініктемелер ұсынды.

Источник: 
Әскери Соттың Баспасөз қызметі