Командирдің немқұрайдылығынан жеті адам қаза болды

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Шымкент гарнизоны әскери сотында Қазақстан Республикасы Қылмыстық Кодексінің 453 бабы 2 бөлімімен айыпталған 91678 әскери бөлімінің әскери  штабының бастығы  «Ш»-ке қатысты  қылмыстық іс қаралды астықтың немесе лауазымды адамның қызметке елеулі зиян келтiрген салғырт қарауының салдарынан ауыр зардаптарға әкеп соққан).

«Юг» аумақтық қолбасшылығының  телеграммасына сәйкес, 91678 әскери  бөлімнің командирі «Б»-мен  тау-қорықшылық ротаның жеке құрамның  «Эльбрусское кольцо-2017» атты халықаралық сайысқа  тау дайындық бойынша бұйрық шығарылды. Бұл бұйрықтың  орындауын  қадағалауды штаб бастығы  «Ш» жүктелген. Осы  әскери бөлімнің командирдің бұйрығы негізінде «Ш» 2017 жылы ақпанның 16 мен 18 аралығында   бөлім командирінің  міндетін  атқарған.

Әскери бөлім командирінің міндетін уақытша атқарушы бола тұра «Ш» 17 ақпан 2017 жылы  ереже, бұйрық, нұсқаулықтардың   талаптарын бұза отырып оған тапсырылған     қоғамдық - қауіпті әрекеттердің пайда болу мүмкіндігін болжай алмай,  Оңтүстік Қазақстан және Жамбыл облыстарында жауын-шашынның су тасқынының   және көлбеу ағынның  қалыптасуы  ықтимал екенін 16.02.2017ж. №13 табиғи гидрометеорологиялық құбылыстар туралы  штурм  ескертуін елемей  тау дайындық сабақтарын  болдырып Жамбыл облысы Жуалы аудандағы Коксай каньонына тау дайындық сабақтарына   бару үшін  Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің  2 қызметкер мен 21 әскери қызметкерге  КамАЗ  автокөлігімен әскери бөлімнің аумағынан асып кетуге рұқсат берді.

Сол күні  шашамен  12  сағат 30 минутта  «Коксай» каньонның  шығыс  беткейінен қар көшкіні  түскен. Кар көшкіні  салдарынан   қар массаның астында 91678 әскери бөлімнің Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің 15 әскери  қызметкер мен 2 қызметкер қалып, қар массаның астынан  құтқару операциясы  барысында оқиғадан соң 5 сағаттан кейін шығарылған.  Көрсетілген саннан 7 әскери қызметкер қаза болып, Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің 8 әскери қызметкері мен 2 қызметкер   әр-түрлі дәрежедегі  жарақатын алған.

Шымкент гарнизоны әскери сотының 14 қыркүйек 2017 жылғы үкімімен сотталушы  «Ш»Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексінің 453-бабының 2-бөлігінде  көзделген қылмысты жасағаны үшін кінәлі деп танылып  3 жыл  мерзімге бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалып. Қазақстан Республикасы Қылмыстық Кодексінің 63-бабын  қолданып  сотталған «Ш»-ке  барлық тағайындалған бас  бостандығынан  айыру   мерзіміне  жаза шартты деп саналды.

Үкім заңды күшіне енбеген.

Қайнар: 
Әскери Соттың Баспасөз қызметі