Брифинг өткізілді

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

19 шілде  2017 жылы  қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық әскери соты төрағасының міндетін атқарушы Б.Дәрібаев «Қазақстан», «24 KZ», КТК, «31 канал», «СТВ», «Атамекен Business Channell» телеарналарының және «Tengrinews»,  «КазТаг», Информбюро», МИА «Казинформ», «Атамекен Business Channell» ақпараттық агенттіктері тілшілерінің қатысуларымен брифинг өткізді.

Брифинг 2016 жылдың тамызынан желтоқсанға дейінгі кезеңде Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің әскери бөлімдері асханаларында, жеке құрамды тамақтандыруды ұйымдастыру қызметін көрсету бойынша кәсіпкерлерді мемлекеттік сатып алу конкурсының жеңімпаздары ретінде танығаны үшін олардан аса ірі мөлшерде пара алды деген айыппен кінәлі деп танылған Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрлігінің бірқатар лауазымды  тұлғаларына қатысты қылмыстық іс бойынша өткізілді.

Брифинг барысында Б.Дарибаев істің толығырақ мән-жайын, басты сот талқылауында анықталған дәлелдемелерді және сотқа берілген сотталушылардың жасаған қылмыс үшін жауапкершілігін қарастырған ҚР ҚК-нің баптарын қысқаша түсіндірді. 

Өз сөзінде ол аталған қылмыстық іс бойынша 11 тұлға сотталғанын айтты. ҚР Қорғаныс Министрлігінің лауазымды тұлғаларына 10 жылдан 12 жылға дейін бас бостандығынан айыру түрінде жазасы тағайындалды. Қалған тұлғалар 2 жылдан 7 жылға дейінгі мерзімге бас бостандықтарынан айыру жазасына сотталды.

Брифинг соңында төраға міндетін атқарушы Б.Дәрібаев тілшілердің тарапынан туындаған барлық сұрақтарына тиісті жауаптар берді.

Источник: 
ҚР Әскери сотының баспасөз қызметі