«Ашық есік күні» өткізілді

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Азаматтардың құқықтық мәдениет деңгейін жоғарылату және сот әділдігіне қол жетімділікті арттыру мақсатында Ақмола гарнизонының әскери сотында «Ашық есік күні» өткізілді.

Іс-шараға «ҚР ҚК Әскерлерді пәтерлерге орналастыру бас басқармасы» РММ-сі заң бөлімінің аға офицері Д.Жұмабек және "Қазақстан Ипотекалық Компаниясы" Ипотекалық ұйымы" АҚ-ның бас заңгері Е.Алтынбеков қатысты.

Сот төрағасы А.Бабатовпен  арыздар, өтініштер, талап арыздар беру туралы сұрақтар бойынша түсініктемелер беріліп, ерекше көңіл сот жұмысына енгізілген жаңа ақпараттық технологияларға бөлінді.

Сонымен қатар, А.Бабатов «Ашық есік күні» құқықтық мәдениетті көтеруге, фемида қызметкерлері үшін күрделі құқықтық дауларды шешуге маңызды рөл атқаратынын айтты.       

Іс-шараның соныңда сот төрағасы келушілерге сот әділдігін қатерліксіз асыруға міндетті екенін және әскери қызметкерлердің кейбір мәселелерін заң шеңберінде шешу керек екендігін айтып өтті.

Источник: 
Әскери Соттың Баспасөз қызметі