Ашық есік күні өткізілді

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Өскемен гарнизоны әскери сотымен Қазақстан Республикасы Ұлттық Ұланы 6699 әскери бөлімінің ғимаратында әскери қызметкерлердің қатысуымен «Ашық есік күні» өткізілді. 

Шара барысында, сот төрағасы Д.В.Баймакулов әскери қызметкерлерге әскери қызметке қабылдану және әскери қызметтен босату туралы, сондай-ақ әскери қызметкерлер мен олардың отбасыларына тұрғын үйді жалға алуға төленетін жәрдемақы төлеу туралы сауалдарға жауап берді.

Сондай-ақ, сот төрағасы аталған шараның әскери қызметкерлердің сот төрелігі мен жүйесіне деген қызығушылықтарды, құқықтық сауаттылықтың қалыптасуына жәрдемдесетінін айтып өтті. 

Қайнар: 
ҚР Әскери сотының баспасөз қызметі