Ашық есік күні

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық әскери сотында ҚазГЗУ гуманитарлық-заң колледжінің студенттерінің қатысуымен ашық есік күні өтті.

Іс-шараға кеңсе меңгерушісі А.К.Шинжанова және сот мамандары қатысты.

Кеңсе меңгерушісі  А.Шынжанова алқабилердің қатысуымен қаралатын қылмыстық істердің ерекшеліктері туралы, Қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық әскери сотының және жалпы әскери соттардың тарихы туралы сөз қозғады.

Сонымен қатар, бас маман-сот мәжілісінің хатшысы А.Сарскулов Қазақстан Республикасының сот жүйесіне енгізіліп жатқан жаңа технологиялар туралы айтып, «Сот кабинеті», «Сот құжаттарымен танысу» сервистері азаматтардың қолдануына ыңғайлы екендігі, сот отырыстарын аудио-, бейне жазбаға қолдану арқылы жазу сотқа қатысушылар мен судьялардың тәртібін күшейтетіні, ал «Сотқа шақыру қағазы» сервисі бюджет қаражатын үнемдейтіні және т.б. иннновациялық технологиялар туралы  мәлімдеді.  «Барлық сот процестері дыбыс-бейне жазба құрылғысымен жүргізу міндеттелген, өткізілген сот процестеріне электронды түрде хаттама жазылады, оны жүйемен ешқашан  өзгертуге мүмкіндік болмайды, соның нәтижесінде сот тараптары арасындағы даулардың туындауына жол берілмейді, сонымен қатар сот процестерінің дыбыс-бейне жазба құрылғысымен жүргізілуі сот өндірісіне қабылданған істердің ашықтығы мен мөлдірлігін қамтамасыз етеді», -деді ол.

2016 жылдан бастап республика соттарында іске қатысушылар басқа өңірде тұрған жағдайда қашықтықтан сот отырысын өткізу мүмкіндігі бар. Тараптар не олардың жақтастары, куәгерлер, эксперттер, мамандар, аудармашылар белгілі бір себептермен сот отырысына келе алмауына байланысты, тараптардан жауап алу бейне конференция байланысы арқылы жүзеге асырылады. Бұл тараптардың уақытын және жол қаражатын үнемдеуде көмегін тигізеді. Бейнеконференция байланысын пайдаланудағы негізгі мақсат -процессуалдық істерді қарау мерзімдерін сақтау және азайту.

Студенттер өз кезегінде алған ақпарат үшін және сот жұмысымен танысуға мүмкіндік алғандары үшін сот ұжымына алғыс айтты.  

Источник: 
ҚР Әскери сотының баспасөз қызметі