Артық төленген сауықтыруға арналған жәрдемақы оңайлатылған іс жүргізу тәртібімен өндірілді

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Шымкент гарнизонының әскери сотында талапкер «Қазақстан Республикасы Ұлттық Ұланның 5546 әскери бөлімі» РММ-сі жауапкер  «М»-ден 57 016 теңге мөлшерінде  артық төленген  сауықтыруға арналған жәрдемақысын  мемлекет пайдасына өндіру туралы азаматтық  ісі қаралды.

Сотпен анықталғаны, жауапкер «М»-ға 5546 әскери бөлім командирінің бұйрығымен  жыл сайыңғы демалыс  беріліп,  есеп-шотына сәйкес 114 032 теңге мөлшерінде сауықтыруға арналған жәрдемақы төленген. Алайда,  «М»  5546 әскери бөлім командирінің бұйрығына сай теріс себептермен, келісім-шарттың мерзімі аяқталғанға дейін әскери қызметтен босатылған.

Талапкер өкілі жауапкердің 2017 жылы  күтізбелік есептеуде  алты ай  әскери қызметте болды деген мән-жайларға сүйеніп, қызмет атқарған күндеріне пропорционалды  түрде өндірілуге жататын сауықтыруға арналған 57 016 теңге жәрдемақысын  өндіруді  сұрады.

Соттың шешімімен талапкердің талап арызы толығымен қанағаттандырылып, жауапкерден мемлекет пайдасына 57016 теңге өндірілді.

Шешім заңды күшіне енбеді.

Қайнар: 
ҚР Әскери сотының баспасөз қызметі