Алдын –ала сөз байласып заңсыз шекарадан өткізген

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Шымкент гарнизоны әскери сотында  Қазақстан Республикасы ҚК-нің 394-бабының 2-бөлігімен айыпталған  Қазақстан Республикасы ҰҚК ШҚ 2038 әскери бөлімі «Қордай» шекара заставасы байланыс бөлімшесінің аға телефонисті «У», және жеке азаматтар  «Д» мен «Р» ларға қатысты қылмыстық  іс қаралды.

Сотта  анықталғандай,  2016 жылы  тамыз айында бұрын Қазақстан Республикасы ҰҚК ШҚ  2038 әскери бөлімінің «Қордай» шекаралық бақылау бөлімінде бақылаушы «К»  қолдан жасалған көші-қон карточкаларына қолдан жасалған көші-қон полициясының мөрін басып, Қырғызстан Республикасының азаматтарының әр қайсысына 4000 теңгеден сатып, ал «У»  «Қордай» шекаралық бақылау бөлімінің бақылаушыларына қоңырау шалып, солардың көмегімен аталған азаматтарды кедергісіз Қазақстан Республикасынан Қырғызстан Республикасына өткізіп,  әр азамат үшін 2000 теңгеден жалпы 32 000 теңге ақша алып, «К» пен бөліскен. Істі қарау барысында  «У» дың кінәсі  дәлелін таппады.

«Д» мен «Р» бұрынғы Қазақстан Республикасы ҰҚК ШҚ  2038 әскери бөлімінің «Қордай» шекаралық бақылау бөлімінде бақылаушысы  «К»  және  ҚР ҰҚК ШҚ 2093 әскери бөлімі «Меркі теміржол» шекаралық бақылау бөлімінде бақылаушысы «К»пен адамдар тобының алдын ала сөз байласуы бойынша  шетелдіктерге Қазақстан Республикасының аумағы бойынша заңсыз кету үшін қызмет көрсету арқылы заңсыз көші-қонды ұйымдастырған.

Шымкент гарнизоны әскери соытның үкімімен «У» Қазақстан Республикасы Қылмыстық Кодексінің 394-бабының 2-бөлігімен кінәсіз деп тауып, оның  қылмыстық құқық бұзушылық жасауға қатысуы дәлелденбеуіне байланысты ақталды.

«Д» және «Р» Қазақстан Республикасы ҚК-нің 394-бабының 2-бөлігімен кінәлі деп танылып, оларға 2 жылға  бас бостандығын шектеу жазасы тағайындалып, осы мерзімге пробациялық бақылау белгіленді.

13 желтоқсан 2016 жылғы «Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің жиырма бес жылдығына байланысты рақымшылық жасау туралы» Қазақстан Республикасы Заңына сәйкес «Д» және «Р»  жазадан босатылды.

Үкім заңды күшіне енбеген.

Источник: 
Әскери Соттың Баспасөз қызметі