Ақтау гарнизоны әскери сотында жедел кеңес өтті

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Ақтау гарнизоны әскери сотында «Сыбайлас жемқорлықтың алдын алу және ол үшін жауапкершілік» тақырыбында жедел кеңес өткізілді. Жедел кеңеске кеңсе меңгерушісі Ж.Қолғанат және сот мамандары қатысты.

Кеңсе меңгерушісі Ж.Қолғанат  сыбайлас жемқорлық  барлық мемлекеттердің  мәселесі болғаны,  онымен күресу -  әр азаматтың борышы мен міндетті екендігі атап өтті.

Сонымен қатар, өз баяндамасында сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы заңның жалпы ережелерін, сотта үнемі өткізілетін сыбайлас жемқорлықтың алдын алу іс шаралары туралы және сыбайлас жемқорлық қылмыстарын жасағаны үшін жауапкершілігі туралы айтып өтті.

Жедел кеңес соңында кеңсе меңгерушісі Ж.Қолғанат   сот мамандарымен сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнаманың қатаң сақталуы тиіс екендігін атап өтті.

Источник: 
Әскери Соттың Баспасөз қызметі