Архив событий

25/10/2016

«Сот саласындағы мемлекеттік тілдің қолданыс аясы» тақырыбында сұхбат

25/10/2016

Қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық әскери сотының кеңсе меңгерушісі  А.Шинжанова  «Қазақ радиосы»  эфирінде «Сот саласындағы мемлекеттік тілдің қолданыс аясы»  атты тақырып бойынша сұхбат  берді.

Сұхбат барысында А.Шинжанова, мемлекеттік тілдің дамуына бағытталған заңдар аясында мемлекеттік бағдарламалар әзірленіп, кезең-кезеңімен орындалып жатқанын атап өтті.

Ашық есік күні өткізілді

25/10/2016

Өскемен гарнизоны әскери сотының 2016 жылдың 2 жартыжылдығына арналған Жоспарға сәйкес, Өскемен гарнизоны әскери сотымен Қазақстан Республикасының Қорғаныс Министрлігі, Ұлттық ұланы мен Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Шекара қызметі әскери қызметкерлерінің қатысуымен «Ашық есік күні» өткізілді.  Шара барысында, сот төрағасы Д.В.Баймакулов әскери қызметке қабылдану және әскери қызметтен босату туралы, сондай-ақ әскери қызметкерлер мен олардың отбасыларына тұрғын үйді жалға алуға төленетін жәрдемақы төлеу туралы көкейкесті сұрақтарға жауап берді.

"Ашық есік күні"

25/10/2016

2016 жылдың 26 қазанында, сағат 10:00-ден 13:00-ге дейін уақыт  аралығында Шымкент гарнизоны әскери сотында сот төрағасы мен судьялардың қатысуымен кезекті «Ашық есік күні» іс-шарасы өткізілетінін хабарлаймыз.

«Ашық есік күні» іс-шарасына кез-келген тілек білдіруші азаматтар қатысып өзінің сұрақтарын қоюға мүмкіндіктері бар.

Іс-шараның өткізілу мақсаты азаматтардың құқықтық мәдениетін және сот төрелігінің деңгейін арттыру болып табылады.