Архив событий

21/10/2016

«Сот оқуының 2017-2020 жылдарға арналған Стратегия жобасы»

21/10/2016

20 қазан 2016 жылы Талдықорған қаласының І.Жансүгіров атындағы Жетісу мемлекеттік университетінде  сот төрағасы Қ.М.Байдуақасовтың төрағалық етуімен, «Сот оқуының 2017-2020 жылдарға арналған Стратегия жобасы» атты тақырыпта семинар өтті.

Аталған іс шараға І.Жансүгіров атындағы Жетісу мемлекеттік университетінің Құқықтану кафедрасының студенттері қатысты.

Сот талапкердің талап арызын қанағаттандырусыз қалдырды

21/10/2016

Талдықорған гарнизонының әскери сотымен арыз беруші Б.Б.Асетов жауапкерлер Қорғаныс Министрлігі және Талдықорған аудандық пайдалану бөліміне  лауазымды тұлғанын әрекеттерін заңсыз деп тану және республика бойынша 2016 жылдың қаңтар айының бір шаршы метр жаңа тұрғын үйді сату орташа бағасының жайына сәйкес жекешелендіруге жатпайтын қызметтік тұрғын үйдін орнына ақшалай компенсациясының айырмасын төлеу жөнінде бұйрық шығаруды міндеттеу туралы азаматтық ісі қаралды.

Алматы гарнизоны әскери сотында дөңгелек үстел

21/10/2016

Алматы гарнизоны Әскери сотының кеңсе меңгерушісі С.Ермаханова «Сот ғимаратына келушілер үшін өткізу және объектішілік режимдерді қамтамасыз ету жөнінідегі қағидаларды талқылау» атты тақырыпта дөңгелек үстел өткізді.

Аталған іс – шараға Алматы гарнизоны Әскери сотының мамандары мен «Алматы қаласының мамандандырылған күзет қызмет басқармасы» ММ-нің қызметкерлері қатысты.

Сотпен заңсыз төленген 3 493 800 теңге компенсация өндірілді

21/10/2016

Семей гарнизоны әскери сотымен 32388 әскери бөлімінің Е.Сатовқа 3493800 теңге мөлшерінде тұрғын үйді қайтарымсыз жекешелендіру құқығының орнына төленген компенсацияны өндіріп алу туралы арызы бойынша азаматтық ісі қаралды.

«Мемлекеттік қызметшінің әдеп кодексі» атты тақырыпқа семинар сабағы

21/10/2016

Қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық әскери сотында «Мемлекеттік қызметшінің әдеп кодексі» атты тақырыпқа семинар сабағы жүргізілген. Семинарға кеңсе меңгерушісі м.о. А.С.Мрасылова және сот мамандары қатысқан. Кодекс мемлекеттік органдарға сенімді нығайтуға, мемлекеттік қызметте қарым-қатынастың жоғары мәдениетін қалыптастыруға және мемлекеттік қызметшінің әдепсіз мінез-құлық жағдайларын ескертуге бағытталған.  

«Ақшалай өтемақыны өндіру туралы талап арыз қанағаттандырылды»

21/10/2016

Шымкент гарнизоны әскери сотына келісім шарт  бойынша бұрыңғы әскери қызметкер - талапкер  «Т»  жауапкерлер Қазақстан Республикасы Қорғаныс Министрлігіне және Жамбыл аудандық пайдалану бөліміне «қызметтік тұрғын үйді төлеусіз жекешелендірудің орнына 11 053 664 теңге ақшалай өтемақыны және келтірілген моральдық зиян  100 000 теңгені өндіру туралы» талап арызымен  жүгінді.