Архив событий

20/10/2016

Үкіметтік емес ұйымдармен дөңгелек үстел өткізілді

20/10/2016

Талдықорған гарнизонының әскери сотының төрағасы Қ.М.Байдуақасовтың төрағалық етуімен  Алматы облысы бойынша Ауған соғысының ардагерлері Одағы - Жергілікті әскерлер ұйымымен «Судьялар әдебінің қағидалары мен ережелері кодексінің жобасы» атты тақырыпта  дөңгелек үстел өтті.

Аталған іс шара Ауған соғысының ардагерлері Одағы - Жергілікті әскерлер ұйымының Оңтүстік-аймағының өкілі Ш.Ильясов, Алматы облысы бойынша АСАО және ЖӘ төрағасының орынбасары Т.А.Абдрашитов және Ауған соғысының ардагері М.М.Амитов қатысты.

Мемлекеттік қордан тұрғын үймен қамтамасыз ету туралы талап арыз қанағаттандырусыз қалдырылды

20/10/2016

Ақмола гарнизоны әскери сотында талапкер Г.Утешова және Т.Зейнабилов жауапкер «Қазақстан Республикасы Ұлттық ұланының Бас қолбасшылығы» РММ-не мемлекеттік фондтан тұрғын үймен қамтамасыз ету және сот шығындарын өндіру жөнінде талап арызы бойынша азаматтық іс қаралды.

Сот істері мен құжаттарды беру тәртібі туралы

20/10/2016

Ақтөбе гарнизоны әскери сотында судьялар мен сот мамандарының қатысуымен «Сот істері мен құжаттарды беру тәртібі туралы» тақырыбында семинар өткізілді.

Осы соттың бас маманы-сот мәжілісінің хатшысы Сабыров М.Б. семинар сабағында барлық қатысушыларға сот істері мен құжаттарды беру тәртібі бағытында жасалып жатырған іс-шаралар туралы кеңінен әңгімелеп берді.