Архив событий

29/10/2016

«Әскери қызметшілердің тұрғын үй алудағы немесе оларға ақшалай өтем ақы беру мәселесі кезіндегі түйткілді мәселелер туралы»

29/10/2016

Ақтөбе гарнизоны әскери сотының судьялары мен кеңсе мамандары арасында «Әскери қызметшілердің тұрғын үй алудағы немесе оларға ақшалай өтем ақы беру мәселесі кезіндегі түйткілді мәселелер туралы» атты тақырыбында семинар сабағы өткізілді. Семинар сабағында, Ақтөбе гарнизоны әскери сотының судьясы А.У.Ахметов, өз баяндамасы негізінде әскери қызметшілердің тұрғын үй алудағы немесе оларға ақшалай өтемақы беру кезінде туындайтын мәселелерге тоқталып қатысушыларға ондағы кездесетін мәселелер жөнінде кеңінен тоқталып түсіндірді.