Архив событий

06/10/2016

Жеке айыптаушы айыптаудан бас тартуына байланысты қылмыстық іс қысқартылды

06/10/2016

Қостанай гарнизонының әскери сотында 2016 жылғы 5 қазанда ҚК-нің 108 бабымен (ден саулыққа қасақана жеңіл зиян келтіру) көзделген қылмысты жасағаны үшін айыпталған 2031 санды әскери бөлімнің келісім –шарт бойынша әскери қызметшісі қатардағы жауынгер Н. Нұрбаевқа және Нұрбаева Ә. азаматшаға қатысты қылмыстық іс қаралды.

Жеке айыптаушы Ә.Нұрбаевамен әскери қызметші Н. Нұрбаев ден саулығына қасақана жеңіл зиян келтірді деп айыпталады. Сондай-ақ, Нұрбаева Ә. азаматша жеке айыптау қарсы шағымы бойынша ұқсас қылмыс жасады деп айыпталған.

Радиода сұхбат

06/10/2016

Талдықорған гарнизоны әскери сотының судьясы Е.Б.Абдуллин «Ностальжи» эфирінде  «Жаңа Әдеп кодексі» атты тақырыпта сұхбат  берді.

Судья өзінің баяндамасында ағымдағы жылдың маңызды жаңалығы – VII кезектен тыс судьялардың съезінің өткізілетіндігін хабарлады, онда судьялардың қағидаларының және тәртібі ережелерінің жаңа Этикалық кодексі қабылданады.