Архив событий

17/10/2016

Әсекри қызмет қатарынан босату тәртібі

17/10/2016

Алматы гарнизоны Әскери сотының судьясы Р.Болатқан «Әскери қызмет қатарынан босату тәртібі» тақырыбында семинар сабағын өткізді.

Аталған семинарға Алматы гарнизоны Әскери сотының судьялары мен ҚР Ұлттық Гвардиясының әскери қызметкерлері қатысты.

«Апелляциялық және жеке шағымдар мен наразылықтарды қабылдау және есепке алу»

17/10/2016

Ақтөбе гарнизоны әскери сотында «Апелляциялық және жеке шағымдар мен наразылықтарды қабылдау және есепке алу» туралы тақырыбына семинар өткізілді.

Осы соттың бас маманы Р.Кыдыралин барлық апелляциялық жеке шағымдар мен наразылыктар түскен күні тіркелетінін, құжаттардың өзінде олардың сотқа түскен уақыты туралы белгіні шағымды немесе наразылықты қабылдаған адам жасайтынын айтты. Электрондық мазмұны есепке алу қажаттарына салынуымен қатар, почта арқылы түскен шағымға шағымның берілген күнін анықтау үшін конверті қоса тіркелетінін көрсетті.

Сот залынан

17/10/2016

Қарағанды гарнизоны әскери сотында жекешелендіруге жатпайтын қызметтік үйдің орнына оның ақшалай құнын 52859 әскери бөлімнен өндіруді сұраған азаматша Т.Денктің талап-арызы бойынша азаматтық іс қаралды.        

Сот мәжілісінде талапкердің әскери қызметтегі өтілі календарлық есеппен 28 жылдан астам болғандығы және де ол әскери қалашықта орналасқан жекешелендіруге жатпайтын қызметтік үйдің орнына компенсация төлеу шарасы қаралған заң қолданысқа болған кезде әскери қызметтен босатылғандығы анықталды.